Дүйсенбі күні KASE индексі 0,2%-ға өсіп, 2368,07-ге жетті

Алматы. 13 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,2% -ға 2363,46-дан 2368,07 дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 26,9% түсіп, Т1014 млн. немесе $2686.3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+0,8%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,2%), «Кселл» АҚ (+0,4%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+0,1%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,3%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,4%) және «KEGOC» АҚ (-0,4%) бағалары түсті.



adimage