Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жауын-шашын күтілмейді

Астана. 30 қараша. ҚазТАГ - Дүйсенбіде Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел секундына 9-14 метр солтүстік-шығысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз -14-16, түнде -18-20.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы күндіз -5-7, түнде -10-12.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан жел секундына 8-13 метр. Күндізгі температура -1 + 1, түнде -8-10.

adimage