Екібастұзда қыз зорлады деп айыпталған жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды

Павлодар. 3 тамыз. ҚазТАГ – Екібастұзда қыз зорлады деп айыпталған жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 120 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Қажетті қосымша сот сараптамалары тағайындалды. Полиция қызметкері теріс қылықтары салдарынан ішкі істер органынан қуылды», - деп хабарлады сейсенбі күні Павлодар облысы полиция департаментінен (ПД).
Сондай-ақ белгілі болғандай, бірқатар басшы қатаң тәртіптік жазаға тартылған.
Еске салсақ, 21 маусымда хабарланғандай, Павлодар облысы ПД есірткі бизнесімен күрес басқармасының полиция майоры қыз зорлады деген күдікке ілінді. Айта кетерлігі, арызданған қыз баланы «тәртіп сақшылары» УҰТИ-ге қамап тастаған.

adimage