Мадалиев ҚР әділет министрінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы. 26 наурыз. ҚазТАГ – Алмат Мадалиев ҚР әділет министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Үкімет Қаулысымен Алмат Мадалиев ҚР Әділет министрінің орынбасары болып тағайындалды. ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаменті директоры қызметінен босатылды (2019 жылдың қаңтарынан бастап - ҚазТАГ)», - делінген хабарда.
Мадалиев 2016-2019 ж.ж. - ҚР ӘМ Стратегиялық жоспарлау департаментін басқарды.
2019 жылдың қаңтар айынан - 2019 жылдың наурызына дейін - ҚР ӘМ Заңнама департаментінің директоры болды. 2010-2014 ж.ж. - ҚР ӘМ Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша департаментінің бас сарапшысынан, директордың орынбасарына дейін қызмет атқарды. 2009-2010 ж.ж. - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының көмекшісі болды.


adimage