Нұр-Сұлтанда пара алғаны үшін мемлекеттік мекеменің экс-басшысына Т4,5 млн айыппұл салынды

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда пара алғаны үшін мемлекеттік мекеменің экс-басшысына Т4,5 млн айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы С.Қ.Жұматаеваға қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен жүргізілген сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. (…) 4 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен Жұматаеваға 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сол үкіммен С.Жұматаеваға пара бергені үшін К.К. Күлтаеваға 200 мың, С.Д. Сығаеваға– 300 мың, И.И. Исамидиновке - 250 мың теңге көлемінде айыппұл салынған», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Жұматаева өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.
Ведомство ақпарынша, Жұматаева бірнеше рет қоғамдық тамақтану объектілерін жоспарлы тексеру бойынша оң шешім алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы мен жүгенсіздікке жол бергені үшін шағын және орта бизнес субъектілерінен 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін (тұрмыстық жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген

adimage