Сейсенбі күні Қазақстанның бірқатар облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 3 тамыз. ҚазТАГ- Сейсенбі күні Қазақстанның бірқатар облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
"ҚР батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстігінде, шығысы мен оңтүстіктегі таулы аудандарда ожаңбыр жауып, күн күркірейді, оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, шаңды дауыл тұрады", – делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +14+16, күндіз +27+29.
Алматыда құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 2-7 метр/секунд жел соғады. Ауа температурасы түнде + 20+22, күндіз + 32+34.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 22+24, күндіз + 36+38.
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда күн күркірейді, бұршақ жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, басым бөлігінде қатты ыстық сақталады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +33+38, түнде +20+25.
Түркістан облысының күндіз таулы аудандарында күн күркірейді, күндіз күн қатты ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 35+40, түнде +22+27.
Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Басым бөлігінде күн қатты ысиды, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +38+43, түнде +22+27.
Алматы облысында ертеңгісін және күндіз Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады.Күндіз күн қатты ысиды, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +17+22.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз + 25+30 (оңтүстігінде +33), түнде +12+17.
Павлодар облысында кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +26+31, түнде +16+21.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, оңтүстігінде күн ысиды, оңтүстігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз + 27+32, түнде +10+15.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, жекелеген аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +13+18.
Қостанай облысында кей жерлерде күн ысиды, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +15+20 (оңтүстігінде +23).
Қарағанды облысында кей жерлерде күн ысиды, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +15+20 (оңтүстігінде +23).
Атырау облысында күн ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 36+41, түнде +23+28 (оңтүстігінде +20).
Маңғыстау облысында кей жерлерде күн ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +35+40 (оңтүстігінде +43, жағалауда +32), түнде +24+29 (оңтүстігінде +21).
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күн ысиды, кей жерлеред төтенеш өрт қаупі сақталады. Күндіз + 33+38 (оңтүстігінде +41), түнде +19+24.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде күн ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +33+38 (оңтүстігінде +41), түнде +18+23 (солтүстігінде +15).
"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы көптеген таулы өзендерінде су деңгейлерінің құбылуы байқалатын болады", - деп ескертті синоптиктер.

adimage