Сейсенбі күні KASE индексі 0,47%-ға 2285,64 –ке түсті

Алматы. 9 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,47% -ға 2296,45 -тен 2285,64-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,65% -ға өсіп, Т4429,5 млн. немесе $11 549,2 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,8%) және «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+3,7%) акцияларының бағасы өскен.
Ал KAZ Minerals PLC (-5,4%), «Кселл» АҚ (-0,8%),«KEGOC» АҚ (-0,5%),«Қазақтелеком» АҚ (-0,8%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,3%) акцияларының бағасы түсті.

adimage