Шығыс Қазақстан облысында алдағы үш күнде баурайлық ағынның қалыптасуы мүмкін

Астана. 14 наурыз. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында алдағы үш күнде баурайлық ағынның қалыптасуы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«15-17 наурыз аралығында оң мәнді ауа температуралары мен жауын-шашынның, кей жерлерде қатты болуы күтілуіне байланысты Шығыс-Қазақстан облысында қар еру процессі, мұздық құбылыстардың әлсіреуі, баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

adimage