Шымкенттегі аяусыз төбелестен жасөспірім мерт болды

Алматы. 2 маусым. ҚазТАГ – Шымкенттегі аяусыз төбелестен жасөспірім мерт болды, деп хабарлады Otyrar.
«Шымкентте төбелесте басы жарылған 17 жасар жасөспірім ауруханада көз жұмды», - делінген сейсенбіде еріктілердің Instagram парақшасына сілтеме жасалған хабарда.
Белгілі болғандай, оқиға 22 мамырда болған.
«Абзал Ұтқыров достарымен кездеспек болған, алайда олардың жолына басқа балалар бөгет болған. Сөйтіп төбелес орын алған. Нәтижесінде екі бала зардап шеккен. Әсіресе Абзалдың жағдайы ауыр болған. Оның басынан қож-блокпен ұрған. Жағдайы ауыр күйде ауруханаға түскен жеткіншектің өмірі үшін дәрігерлер соңына дейін күрескен, алайда өмірін сақтап қала алмаған», - делінген хабарда.

adimage