Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,2-ге түсіп, Т370,55/$1 болды

Алматы. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сейсенбіде Т370,55/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,2-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т370,05 – 370,9 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $98,85 млн болды.

adimage