Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

    Астана. 17 сәуір. ҚазТАГ- Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспрасөз қызметі.
   «Мемлекет басшысы азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеппен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады», - делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
   Ластаевтың баяндамасынан:
- аумақтық өкілдердің толықтай іске кіріскені жайында мәлімет берді;
- былтыр Омбудсменнің атына 5 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп;
- Ұлттық превентивті механизмнің жұмысы, заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты, құқық қорғау ұйымдарымен және азаматтық қоғаммен өзара ықпалдастықты жандандыру мәселелері туралы баяндалды;
- азаптаулардың алдын алу үшін оқшаулау мекемелерінде мыңнан астам кездесу өткізілген, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша 3,5 мыңнан аса ұсыным берілген, 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде 900-ден астам адамның құқығы қорғалды ;
- Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Президенттің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы айтты. Құқық қорғау институты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы баяндама әзірлеп жатыр;
   «Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығын қорғауға кепілдік беру ісін одан әрі күшейту қажет екеніне назар аударды»,- деп қосты Ақорда.

adimage