Солтүстік Қазақстан облысында тас жолда полицей көз жұмды

Петропавловск. 29 сәуір. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында тас жолда соқтығысқан полицей қаза тапты, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосібір тас жолында 48 жастағы полиция қызметкерін белгісіз біреу қағып кеткен. Полицей алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Бүгінде полицейді қағып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр.

Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

adimage