Тоқаев Нұр-Сұлтандағы травмотология және ортопедия ҒЗИ қайта құрылысы мәселесін шешуді тапсырды

Астана. 19 қараша. ҚазТАГ - Тоқаев Нұр-Сұлтандағы травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының (ТОҒЗИ) қайта құрылысы мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Елордалық травмотология және ортопедия ҒЗИ бардым. (…) Үкіметке клиниканың қайта құрылысы, жаңа ғимарат құрылысы мәселесін шешуді тапсырдым», - деді Тоқаев сейсенбі күні.
Ол травмотология және ортопедия ҒЗИ-де «адамдар денсаулығын қорғау, жаңа технологияны енгізу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде» екенін атап өтті.
«Алайда ескірген ғимарат уақыт талабына сай келмейді»,- деді Тоқаев.

adimage