Жұма күні Қарағанды облысында дауылды ескерту жарияланды

Қарағанды. 13 тамыз. ҚазТАГ – Қарағанды облысында 13 тамызда жаңбыр, найзағай, күшті жел күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметінен.
«14 тамызда Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтілуде. Солтүстік-батыстан, батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, Қарағандыда 14 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан күндіз екпіні 18 м/с жел тұрады.

adimage