Жамбыл облысында алтын өндіретін тау-кен металлургия комбинатының құрылысы басталды

Тараз. 19 сәуір. ҚазТАГ – Жамбыл облысында алтын өндіретін тау-кен металлургия комбинатының құрылысы басталды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
«Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылында уақыт капсуласы салынып, «MONTERRA QASAQSTAN» ЖШС жаңа тау-кен металлургия комбинатының құрылысы басталды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Жергілікті билік тау-кен металлургия комбинатын салу – сабақтас салаларды дамытуға, жалпы өнімнің өсуіне және Жамбыл облысы тұрғындарының жұмыспен қамтылуына айрықша әсер береді деп санайды.
«Компания қазірдің өзінде жобаға шамамен 6 миллиард теңге инвестиция құйған, бұл ретте бюджетке салықтық түсімдер ағымдағы жылдың аяғында 1 миллиард теңгеден асады деп күтілуде», - деді Monterra Qasaqstan бас директоры Меруерт Данбаева.
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, жоба өңірде 2800-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді десек, ол бойыша негізінен жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады.
«Бұл Қордай ауданының ғана емес, жалпы облыстың дамуына да серпін берері сөзсіз. Сондай-ақ, жас мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту жүргізіледі», - деді Сапарбаев.
Жоба құны, облыс әкімдігінің ақпарынша, Т832 млрд. құрайды.
«Жалпы құны 832 миллиард теңгені құрайтын жоба үш кезеңде жүзеге асырылмақ. Қуаттылығы жылына Доре қорытпасында 10 тоннаға дейін алтын өндіруге жетпек», - делінген хабарда.
Шикізат көзі - Қаратас-Майбұлақ аумағы.

adimage