2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық педагогтердің жалақысы өседі – БҒМ

Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық педагогтердің жалақысы 25%-ға өседі, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Президент тапсырмасы аясында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік ЖОО-лардың оқытушыларының жалақысы - 20%, ұлттық ЖОО – 28% өскен болатын», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан колледж студенттерінің шәкіртақысы - 30%, орта буын мамандықтары бойынша - 25% өсті.
«Бакалавриат пен магистратураға оқитындардың шәкіртақысы 25%-ға өсті. Педагог мамандықтары бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы бір жылда Т21 мыңнан Т42 мыңға жетті», - деді БҒМ.
Хабарда атап өтілгендей, жыл бойы докторанттардың шәкіртақысы Т82 мыңнан Т150 мыңға өскен.

adimage