86 жасында ұлы Абайдың ұрпағы дүниеден озды

Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ – 86 жасында ұлы Абайдың ұрпағы Ерсәлімов Балтабек дүниеден озды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Белгілі өлкетанушы, журналист – ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов дүниеден озды», - делінген хабарда.
Балтабек Ерсәлімов 86 жасында дүниеден озды. Ол ұлы Абайдың немере жиені, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы.
Балтабек Ерсәлімов 1938 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан республикасының журналистер одағының мүшесі, "Еңбек ардагері", "Тыңға 50 жыл"медальдарының, "Құрмет" орденінің иегері.
Ол - Абай Құнанбаевтың, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттаушы. 1992 жылы "Абай" журналының қайта шыға бастауына айтарлықтай үлес қосты. "Абайдың ақын шәкірттері" деген жинақтың жауапты шығарушысы.

adimage