«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Агроөнеркәсіптік кешен жобаларын қаржыландыру үшін «Қазақстанның даму банкі» АҚ кейіннен несиелендіру үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ несиелеу», мың теңге – ҚазТАГ): 2025 жыл - 100 000 000», - деп бюджет жобасында айтылған.
Мақсаты - АӨК жобаларын агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының шеңберінде қаржыландыру.
«Міндеттер: Т100 млрд сомасында бюджеттік несиені тарту келесі түпкілікті нәтижелерді алуға мүмкіндік береді:
- тұрақты жұмыс орындарын құру - 2027 жылға дейін 1080 бірлік;
- ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің жалпы өнімнің жалпы көлеміндегі қаржыландырылатын АӨК жобаларының өндіріс көлемінің үлесі 2027 жылда - 0,88%, 2028 жылда - 1,57%, 2029 жылда – 2,35%;
- банк қаржыландыратын инвестициялық жобалардың азық-түлік өнімдерін өндіру көлемінің Қазақстан Республикасы азық-түлік өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі 2027 жылда – 3,79%», - деп жобада жазылған.
Фото көзі: gov.kz