Алматыда Медеу ауданында үйлердің біріне жақын жерде лай сырғыма түсті

Алматы. 17 сәуір. ҚазТАГ — Алматыда Медеу ауданында үйлердің біріне жақын жерде лай сырғыма түсті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Алматыда көлемі 10 текше метр болатын лай сырғыма түсті. Сырғыма Медеу ауданындағы үйлердің біріне жақын жерге түскен. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Алдын-ала болжам бойынша бұл жағдайға қатты жауын-шашын мен топырақтың батпақтануы себеп болған», - делінген сейсенбідегі хабарда.
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ ақпарынша, аталған учаскеде сырғыманың қайта түсу қаупі бар.

Фото көзі: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


adimage