Алматыдан 334 шақырым оңтүстік-батыста жер сілкінісі тіркелді

Алматы. 8 шілде. ҚазТАГ – Астана уақытымен 14:30-да Қазақстан аумағында, Алматыдан 334 км оңтүстік‑батыста жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

«2025 жылғы 8 шілде күні, Астана уақытымен 14:30-да, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің “Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан 334 км оңтүстік‑батыста орналасқан», – делінген хабарламада.

Құлан ауылында есептік қарқындылығы – 6 балл;
Меркі ауылында – 5 балл;
Тараз және Шу қалаларында, Сарыкемер мен Төле би ауылдарында – 3 балл;
Аса, Мойынқұм, Қордай, Бауыржан Момышұлы, Тұрар Рысқұлов ауылдарында және Қаратау қаласында – 2 балл.

Фото көзі: Фото из открытых источников


adimage