Шымкентте білім беру ұйымдарын ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге Т5,5 млрд-тан астам жұмсамақ

Шымкент. 8 шілде. ҚазТАГ – Шымкентте білім беру ұйымдарын ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге Т5,5 млрд-тан астам жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы - мелекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т5 512 767 857,14», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 9 шілдеде басталып, 16 шілдеге дейін жалғасады.

«Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының желілерін басқару және мониторингілеу жүйелерін жаңғырту, қосымша жабдықтау қызметтерін сатып алу. Жүйенің қысқаша атауы: Шымкент қаласының білім беру ұйымдарындағы интеграцияланған жүйені жаңғырту. Қызмет көрсету шартты қазынашылық органдарында тіркеген сәттен бастап 2028 жылғы 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады. Жүйені енгізудің басталуы - шарт тіркелген күннен бастап. Жүйені пайдалануға берудің аяқталуы - шарт тіркелген күннен бастап үш ай ішінде. Қызметтерді көрсету орны: Шымкент қаласы Әл Фараби ауданы Жомарт Тыныбаев көшесі, 49 ғимарат», - деп сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: e-history.kz


adimage