Қазақстанда қарасорадан қағаз шығармақ- АШМ

Астана. 8 шілде. ҚазТАГ – Алена Субботина. Қазақстанда жеке куәліктерге арналған қағазды қарасорадан өндіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

«Бірақ бізде техникалық қарасораны, яғни, құрамында есірткі жоқ қарасораны өңдеуге рұқсат бар. Ал ондай шикізаттан өте сапалы қағаз шығаруға болады. Одан жеке куәлік, төлқұжат, арнайы бланкілер жасайды",-деді Сұлтанов үкіметтегі брифингте.

Оның айтуынша, әзірге қарасорадан өндіріс жолға қойылған жоқ, инвестор жер таңдап, өндіріс технологиясын зерттеу үстінде.

«Одан көп нәрсе істеуге болады. Қағаздан бастап майға дейін біраз өнім шығаруға мүмкіндік бар», – деп қосты вице-министр.

Фото көзі: pixabay.com


adimage