«Антикордың» арнайы ХҚКО-ға жүргізген мониторингінен кейін бюджетке Т91,3 млрд түсті

Астана. 17 сәуір. ҚазТАГ — Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Арнайы ХҚКО-ға жүргізген мониторингінен кейін бюджетке Т91,3 млрд түсті, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметінен.
«Агенттік 3 жыл ішінде 23 қылмыстық істі тергеді. 3 мыңнан астам заңсыз көлік есепке қойылып, 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілді. (…)2022 жылы 9,4 мың автокөлікті тіркегені үшін 10,6 млрд теңге жиналды, 2023 жылы заңдастыруды ескере отырып, 10,2 мың автокөлікті тіркеген кезде 91,3 млрд теңге түсті. Аталған тәуекелдерді жою нәтижесінде өткен жылы бюджетке түскен түсім 9 есеге ұлғайды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, компьютерлерге қашықтан қол жеткізу арқылы тұлғаларды ауыстыру және емтихан нәтижелері арқылы жүргізуші куәліктерін беру процесінде елеулі жемқорлық тәуекелдері анықталған.
Сонымен қатар, агенттіктің ұсынымдары бойынша міндетті биометрия және қоғамдық бақылау үшін тікелей эфирде бейнетіркеу сынды бақылау шаралары енгізілді.
Еске салсақ, 2023 жылғы желтоқсанда ХҚКО қызметкерлерін жемқорлық субъектілеріне жатқызуға қатысты заңнамаға маңызды түзетулер енгізілген. Бұл өзгерістер 2025 жылғы қаңтардан бастап күшіне енеді.

adimage