Атырау облысында оқу жабдықтарының жиынтығына Т874 млн астам қаражат жұмсамақ

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ – Атырау облысы білім беру басқармасы оқу жабдықтарының жиынтығына Т874 млн астам қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Атырау облысы білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы - оқу жабдығы жиынтығы; қосымша сипаттамасы - Жылыой ауданына арналған оқу жабдықтарының жиынтығы; саны - 146; өлшем бірлік - дана; жоспарлы сома - Т227 942 500», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Сондай-ақ, осы конкурста тағы алты ауданға арналған оқу жабдықтарының жиынтығы сипатталған:

- Махамбет ауданына арналған 70 дана оқу жабдықтарының жиынтығы, жоспарлы сома - Т109 287 500;

- Құрманғазы ауданына арналған 146 дана оқу жабдықтарының жиынтығы, жоспарлы сома - Т227 942 500;

- Исатай ауданына арналған 40 дана оқу жабдықтарының жиынтығы, жоспарлы сома - Т62 450 000;

- Индер ауданына арналған 37 дана оқу жабдықтарының жиынтығы, жоспарлы сома - Т57 766 250;

- Макат ауданына арналған 39 дана оқу жабдықтарының жиынтығы, жоспарлы сома - Т60 888 750;

- Қызылқоға ауданына арналған 82 дана оқу жабдықтарының жиынтығы, жоспарлы сома - Т128 022 500.

Жеті лоттың жалпы сомасы - Т874 300 000.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 21 маусымда басталған, 8 шілдеде аяқталады.

Фото көзі: pixabay.com


adimage