Қазақстанда 3,5 кг апиынды сатуға әрекеттенген бес азамат ұсталды

Қызылорда. 17 сәуір. ҚазТАГ — Қазақстанда 3,5 кг апиынды сатуға әрекеттенген бес азамат ұсталды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметінен.
«Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды. 2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 кг апиынды сатуға әрекеттенуі кезінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталды. Бұдан басқа, қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
«Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарда.
Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото көзі: ҰҚК баспасөз қызметі


adimage