Қазақстанда барлық сұйытылған газдың төрттен бір бөлігі электронды алаңда сатылады – ЭМ

Астана. 12 қаңтар. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда 2021 жылдың қаңтар-наурызында электронды сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газының 25%-ы сатылады, деп мәлімдеді ҚР энергетика министрлігінен.
«Электронды сауда алаңдарында барынша ашық сатылатын сұйытылған мұнай газының үлесі 2021 жылдың І тоқсанында 25% құрап отыр», - делінген ҚР ЭМ ресми сайтындағы хабарда.
Құжатқа сәйкес, электронды сауда алаңдары арқылы қаңтар-наурызда жеткізуге қажет сұйытылған мұнай газының үлесі ҚР бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігімен келісілген.

adimage