Бағдат Мусин шән мәнісінде отставкаға жіберілген болатын – дерек көзі

Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ – Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі бұрынғы министрі Бағдат Мусин шын мәнісінде отставкаға жіберілген болатын, деп хабарлады ҚазТАГ редакциясына дерек көзі.
«Ол жоғары деңгейде өткізілген жиында өзі басқарып отырған саланың жағдайы туралы баяндама жасағаннан кейін отставкаға жіберілді. Қойылған сұраққа жауап бере алмай, оған дейінгі тапсырмаларды орындай алмағаны үшін ақталған оның «бос мылжыңы» бәрінің ығырын шығарды. Оған өз еркімен отставкаға кету туралы арыз жазу ұсынылды. Шын мәнісінде бұл жұмыстан қуу еді», – деп хабарлады ҚазТАГ-қа дерек көзі.
Бұрынғы министр ел басшылығының көңілінен шықпады. БАҚ-та Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды-мыс деген ақпар тарады. Алайда ҚазТАГ дерек көзі Мусинге қатысты қылмыстық іс туралы ақпараттың жоғын жеткізді.
Мусин ЦДИАӨМ 2020 жылдың қыркүйегінен бастап басқарған еді. 30 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатты. Кейін әлеуметтік желіде Мусин өзі отставкаға кеткенін мәлімдеді.
Ол қызметінен кеткеннен кейін Қазақстанда жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылғаны белгілі болды.

adimage