Сәрсенбі күні Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 17 сәуір. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен. «Астана қ.: 17 сәуірде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
17 сәуірде түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 17 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«16-17 сәуірде қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты Көкшоқы өз. Үлкен Алматы өзені алабында және Ақжар өз. Ақсай өзені алабындағы жергілікті шағын сел ағындарының қалыптасу қауіптілігі бар. 2024 жылдың 17-19 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар. 2024 жылғы 16-17 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады», - делінген хабарда.
2024 жылдың 16-17 сәуір аралығында Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Сонымен қатар автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстарда судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
«17 сәуірде түнде Қостанай облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай к.: 17 сәуірде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - делінген хабарда.
17 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 17 сәуірде түнде жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.
«17 сәуірде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 17 сәуірде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с», - деп хабарлады гидрометеорологтар.
17 сәуірде Ақтөбе облысының түнде солтүстік жартысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 17 сәуірде түнде найзағай күтіледі.
«17 сәуірде түнде Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр, күндіз жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар қ: 17 сәуірде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет».
17 сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 17 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с.
«17 сәуірде күннің екінші жартысында Абай облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с», - деп ескертті синоптиктер.

adimage