Тұрсынбек Қабатов ұшақ бортында мас күйінде болғаны және әдепсіз сөздер айтқаны үшін қамауға алынды

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ- Тұрсынбек Қабатов ұшақ бортында мас күйінде болғаны және әдепсіз сөздер айтқаны үшін қамауға алынды, деп журналист Михаил Козачков хабарлады.

"Айыпталушы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол әкімшілік жазаға тартылды - бес тәулікке қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Астана қалалық Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпталған адамға қатысты істі қарады (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

Іс материалдарына сәйкес, Тұрсынбек Қабатов ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан.

Сотта Қабатов стюардессалардың нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдіргені анықталды. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған.
Құқық бұзушының кінәсі куәнің айғақтарымен, жолаушыны полицияға беру актісімен, бейнежазбамен және медициналық сараптама қорытындысымен расталады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Фото көзі: из открытых источников


adimage