Таразда инженерлік желілерді салу жұмыстарына Т7,4 млрд жұмсамақшы

Астана. 17 сәуір. ҚазТАГ – Таразда инженерлік желілерді салу жұмыстарына Т7,4 млрд жұмсамақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Тапсырыс беруші - «Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» КММ; атауы - инженерлік желілерді салу (құрылыс) бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - «Тараз қаласының тұрғын алаптары үшін жоғары вольтты желілер мен қосалқы станциялар салу»; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т7 452 150 402», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 21 ақпанда басталған, аяқталу мерзімі 19 сәуір.

Фото көзі: pixabay.com


adimage