Тоқаев Қазақстанның бірқатар ғалымдарын ордендермен марапаттады

   Астана. 1 маусым. ҚазТАГ-Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар ғалымдарын ордендермен марапаттады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
    Атап айтқанда, "Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі мен ғылыми қызметтегі ерекше еңбегі үшін "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" ҚБ президенті Жұрынов Мұрат 1-дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталсын", – делінген жарлықта.
     IІІ дәрежелі "Барыс" орденімен
• Әбділдин Жабайхан - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі
• Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі
• Кішібеков Досмұхамед - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі;
    "Парасат" орденімен
• Байкөншеков Жұмаділ Жанабайұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ Орталығының директоры
• Блиев Назарбай - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі
• Жәрменов Әбдірасул Алдашұлы - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығы" РМК бас директоры
• Күрскеев Әбдірахман Козлоевич - Білім және ғылым министрлігінің "Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" РМК бас ғылыми қызметкері
• Пак Иван Тимофеевич - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ шетелдік мүшесі
• Сманов Бақтияр Өрісбайұлы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті КеАҚ профессоры
• Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы РҚБ академигі;
   "Құрмет" орденімен
• Әбсадықов Бахыт Нәрікбайұлы - А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты АҚ бас ғылыми хатшысы
• Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры
• Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы - Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ ректоры
• Косов Владимир Николаевич - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті КеАҚ кафедра меңгерушісі
• Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы - Білім және ғылым министрлігінің "Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" РМК директоры
• Медеу Ахметқал - География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы
• Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы - Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ профессоры
• Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы - Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық биотехнология орталығы РМК бас директоры
• Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы - С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КеАҚ кафедра меңгерушісі
• Төлешов Амандық Қуатұлы - Білім және ғылым министрлігінің "Академик Ө. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты" РМК бас директоры;
   "Ерен еңбегі үшін" медалімен
• Дәулетов Асқар Ербұланұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ деканы.
   Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

adimage