Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко атындағы шахтаның электр слесарі Айбар Бекболатұлы Қосановты «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталсын», – делінген хабарда.
Еске салсақ, 2 мамырда Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада апат орын алған болатын. Сол кезде конвейерлі трасса учаскесінің электр слесарі Айбар Қосанов қолда бар құралдармен өрт шығуының алдын алған болатын.
Қатысты сілтемелер
-
Маңғыстау облысында бас полицей тағайындалды17 Мамыр 2024, 17:55
-
Маңғыстау облысының әкіміне кандидат мінген ұшақ Ақтауға жақындады17 Мамыр 2024, 16:14