Тоқаев СҚО-ның су басқан аудандарын тік ұшақпен аралап көрді – дерек көзі

Петропавл. 16 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысындағы су басқан аудандарды тік ұшақпен аралап көрді, деп хабарлады жағдаймен таныс дерек көзі.
«Президент СҚО аумағын тік ұшақпен аралауда. Екі тік ұшақ өңірге кеше Астанадан жіберілген болатын», - деп хабарлады сейсенбі күні ҚазТАГ редакциясына ақпаратқа қанық дерек көзі.
Еске салсақ, бұған дейін ҚазТАГ дерек көзіне сілтеме жасай отырып, Тоқаевтың су тасқынынан зардап шеккен Петропавлға баратынын хабарлаған еді.

adimage