Өзбекстанда қыз балалар үшін отбасын құру жасы 1 қыркүйектен бастап ұзартылады

Алматы. 23 сәуір. ҚазТАГ - Өзбекстанда қыз балалар үшін отбасын құру жасы 1 қыркүйектен бастап ұзартылады, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігі (ӨзТАГ).
«2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ерлер үшін де, әйелдер үшін де отбасын құру жасы 18 жас болады»,- деп хабарлады Өзбекстан әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
Хабарда атап өтілгендей, жігіттер мен қыздар үшін отбасын құру жасы теңестіріледі.
Ведомство ақпарынша, президенттің «Бала құқығына кепілдікті ары қарай күшейту жөнінде қосымша шаралар туралы» жарлығы қабылданған.
Еске салсақ, қазір қолданыстағы заңнама бойынша (Отбасы кодексінің 15б.) Өзбекстанда қыздарға 17 жастан бастап, ер балаларға 18 жастан бастап отбасын құруға рұқсат берілген.
.

adimage