TikTok әлеуметтік желісінде Астана тұрғыны Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылына қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Астана. 19 маусым. ҚазТАГ- TikTok әлеуметтік желісінде Астана тұрғыны Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылына қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды, деп хабардлайды ішкі-істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«TikTok әлеуметтік желісінде Астана тұрғыны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылындағы жағдайды баяндайтын видео жариялады. Әйел ауыл тұрғындарының 3 жылдан бері алтын өндіретін фабриканың заңсыз құрылысымен күресіп, кен өндіру кезінде улы зат қолданып, жарылыс жасайтынын айтады. Видеорепортаж барысында арна авторы жазылушыларынан басылымды таратуды сұраған. Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, нәтижесінде оның таратқан ақпараттың дұрыс еместігі белгілі болған. Жалған ақпаратты орналастыру және тарату фактісі бойынша 45 жастағы елорда тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғалды»,- делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

 Сот оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

1 АЕК = Т3692.

Фото көзі: pixabay.com


adimage