Ақтөбе облысының білім саласының қауіпсіздік жүйесіне Т664 млн астам қаражат төлемек

   Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ – Ақтөбе облысының білім саласының қауіпсіздік жүйесіне Т664 млн астам қаражат төлемек, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
  «Тапсырыс беруші – «Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ; атауы - қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі; қосымша сипаттамасы - Ақтөбе облысының білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру жөніндегі қызметтер; саны - бір; өлшем бірлік – бір қызмет; жоспарлы сома - Т664 234 821,42», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
  Конкурсқа өтінімдерді алдын-ала қабылдау 5 маусым мен 20 маусым аралығында өтеді.

Фото көзі: pixabay.com


adimage