Маңғыстау облысында жергілікті атқарушы орган Т245 млнға жер учаскесін инвестордың меншігіне беруден бас тартқан

Ақтау. 14 маусым. ҚазТАГ- Маңғыстау облысында жергілікті атқарушы орган Т245 млнға жер учаскесін инвестордың меншігіне беруден бас тартқан, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

«Прокуратураның хабарлауынша, инвестор жер учаскесін бірнеше жылдан бері пайдаланып келген. Осы уақытта ол «Металл илегін өндіру цехын ашу» жобасын қолға алып, оған 245 млн теңге жұмсаған. Алайда инвестор құрылыс-монтаждау жұмысын аяқтап, 30-дан астам жұмыс орнын ашқанына қарамастан, жергілікті атқарушы орган жоғарыда атап өткеніміздей, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 288-бабы 2-тармағында көзделген талаптарды бұза отырып, жер учаскесін одан әрі инвестордың меншігіне беруден бас тартқан»,- делінген хабарламада.

Осы мәселеге байланысты прокурорлық қадағалау актісі негізінде жергілікті атқарушы органға сұрау салынып, істі соңына дейін жеткізіп, инвесторға жер учаскесі жеке меншікке берілді.

«Жер телімінің көлемі – 5 гектар. Қазір ол 43 млн теңгеге бағаланып отыр. Ал инвесторға жер телімін бермеген уәкілетті органның қызметкері кінәлі деп танылып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды»,- делінген хабарламада.

Фото көзі: gov.kz


adimage