Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі қайтыс болды

Астана. 14 маусым. ҚазТАГ- Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Талапқали Ізмұхамбетов қайтыс болды, деп хабарлайды деңсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Бүгін еліміздің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері, КСРО денсаулық сақтау үздігі, медицина қызметкерлерінің көптеген ұрпақтарының тәлімгері Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов қайтыс болды", - делінген хабарламада.

1987-1990 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

"Медициналық қоғамдастықтың, көптеген студенттердің, әріптестердің есінде ол жарқын ерекше тұлға, өз ісінің үлкен энтузиасты болып қала береді, ол ұлтты сауықтыру бойынша бірқатар ірі бастамалардың авторы болды»,- делінген деңсаулық сақтау министрлігі.

adimage