Алдағы үш тәулікте Қазақстанда салқын ауа райы күтіледі

    Астана. 24 мамыр. ҚазТАГ- Алдағы үш тәулікте Қазақстанда салқын ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «Алдағы үш күнде республика бойынша ауа-райын қалыптастырудағы бастаманы Солтүстік циклон жүзеге асырады, ол өзімен бірге жаңбыр түрінде жауын-шашын, қарға, найзағайға, бұршаққа және желдің қатты күшеюіне әкеледі»,- делінген хабарламада.
   Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 25-27 мамырда елдің солтүстігінде, 25-26 мамырда орталығында, Оңтүстік-Шығысында, 26 мамырда шығыс, солтүстік-батыс аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Өз кезегінде Скандинавия аудандарынан шыққан кең антициклон республиканың батысында ауа-райын ашық ұстайды.
   Жақындап келе жатқан суық ауа массалары түнгі және таңертеңгі сағаттарда 3 градусқа дейін аязға себеп болады – 25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 Мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26-27 мамырда Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында.

adimage