Антикор атышулы "Айка тізімінің" таралуына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр

   Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ- Алена Субботина. Антикор атышулы "Айка тізімінің" таралуына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлады мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев.
   «Антикор бұл оқиғаға (атышулы "Айка тізімінің"- ҚазТАГ) қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Үкім шықты, оған қатысты түсініктеме бермеймін»,- деді Қожаев сәрсенбі күні.
   Сонымен қатар оның айтуынша, интимдік қызмет көрсеткендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі шектеулі, сондықтан әр жағдай жеке қаралады.
Сондай-ақ, министрдің бірінші орынбасары клиенттерді де жазалау керектігін қолдайтынын айтты.
Еске салсақ, ІІМ 2023 жылдың 6 маусымында Алматыда айналымында Т209 млн бар әлеуметтік желілердегі "жабық" топтарды анықтады. Аталмыш әдеуметтік желілер арқылы қалталы ер адамдар үшін интимдік және "эскорт-сүйемелдеу" қызметтерін көрсететін модельдік келбеті бар қыздардың қатысуымен "жеке" секс-кештер ұйымдастырған
   Істің басты фигуранты ретінде сол топтардың ұйымдастырушысы мен әкімшісі – 25 жастағы алматылық қыз ұсталды. Ол, тергеу нұсқасы бойынша, ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқан. Құқыққорғаушылар нақтылағандай, «секс-бизнесті ұйымдастырушы өз қызметін жасыруға тырысқан. Өзін Instagram әлеуметтік желісінде 100 мыңнан астам оқырманы бар табысты модель әрі блогер» ретінде көрсеткен.
Сол кезде полиция тінту барысында күдіктіден қылмыстық "бизнес" туралы жазбалары бар күнделік тәркіленгенін мәлімдеген еді.
2023 жылдың 1 желтоқсанында ҚазТАГ мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған «VIP-жеңгетайдың клиенттерінің тізімінде» қазақстандық танымал адамдар мен бизнесмендердің де барын хабарлаған болатын. Ал оның ұсталғаны туралы ішкі істер министрлігі маусым айында мәлімдеді.

Фото көзі: Фото из открытых источников.


adimage