Атырау облысында 90 нан астам бас жылқы эвакуацияланды

    Атырау. 23 мамыр. ҚазТАГ- Атырау облысында 90 нан астам бас жылқы эвакуацияланды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
  «Өткен екі тәулік ішінде Атырау қаласынан 27 шақырым жерде орналасқан Қайыршақты ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарының бірінен құтқарушылар қауіпсіз жерге 92 бас жылқыны эвакуациялады»,- делінген хабарламада.
   Жайық өзені суының ұлғаюына байланысты аталған шаруа қожалығы тасқын судың қоршауында қалған болатын.

Фото көзі: Пресс-служба МЧС РК


adimage