Қазақстан Еуразия даму банкінің үлесін сатып алуға Т29 млрд жұмсамақ

    Астана. 24 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы үлесін сатып алуға Т29 млрд жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
   «Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы үлесін сатып алу», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 0; 2024 жыл - 7 492 365; 2025 жыл - 7 492 365; 2026 жыл - 7 492 365; 2027 жыл - 7 492 365», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т29 969 460 000.
   Мақсаты – Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігін сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының міндеттерін тиімді жүзеге асыру.
  «Міндеттер: Еуразиялық даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы орындалған міндеттемелердің үлесі: 2025 жылы – 25%; 2026 жылы – 25%; 2027 жылы – 25%», - деп жобада жазылған.

Фото көзі: e-cis.info


adimage