Қазақстанның төрт облысында маусым айына құрғақшылық болжамын шығарды

   Астана. 24 мамыр. ҚазТАГ- «Казгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның төрт облысында маусым айына құрғақшылық болжамын шығарды.
  «Жалпы 2024 жылдың маусымында Қазақстан аумағында ылғалдану көбінесе көпжылдық мәндер шамасында күтіледі»,- делінген хабарламада.
   Атмосфералық құрғақшылық күтіледі:
• Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
• Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
• Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында;
• Қарағанды облысының Шет ауданында.
  Маусым айында бірқалыпты ылғалды жағдай күтіледі Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында, Павлодар облысының Успенка ауданында және Павлодар қаласында.
Елдің қалған бөлігінде ылғалдандыру жағдайлары осы ай үшін нормаға жуық болады деп күтілуде.

Фото көзі: pixabay


adimage