Павлодар облысында "Жас сарбаз" әскери мектеп-лицей-интернатының 40 оқушысы арасында жаппай төбелес болды

   Павлодар. 23 мамыр. ҚазТАГ- Павлодар облысында "Жас сарбаз" әскери мектеп-лицей-интернатының 40 оқушысы арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды ҚазТАГ.
   «Полиция қызметкерлері мектеп кабинеттерінің бірінде төбелес болғанын анықтады. Оның барысында кәмелетке толмаған үш оқушы дене жарақаттарын алған»,- деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
   Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
   Өңірлік полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, 2007-2008 жылы туған оқушылар арасында жанжал туындап, оның соңы жаппай төбелеске ұласқан.

adimage