Қазақстанның басым өңірінде алдағы үш тәулікте аптап ыстықтың төмендеуі күтілуде

Астана. 26 маусым. ҚазТАГ- Қазақстанның басым өңірінде алдағы үш тәулікте аптап ыстықтың төмендеуі күтілуде, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Елімізде аптап ыстықтың беті 27 маусым күні солтүстік-батыста, 28-29 маусым оңтүстікте, 29 маусым солтүстікте, орталықта қайтады. Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында +40+43°С градусқа дейін қатты ыстық сақталады»,- делінген хабарламада.

Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон әсер етіп Еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлерінде найзағай болып, мол жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, жел қатты соғады деп күтіледі.

Жаңбыр қарқыны 27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусым күндері солтүстік-батыста, 28-29 маусым күндері еліміздің батысында, солтүстігінде қатты болады. Еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында ғана ауа-райы жауын-шашынсыз болады.

adimage