Қазақстандық ақын Бақыт Кенжеев өмірден өтті

Астана. 26 маусым. ҚазТАГ- Қазақстандық ақын Бақыт Кенжеев 73 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды «Власть».

«Нью-Йоркте ақын Бақыт Кенжеев 73 жасында өмірден өтті»,- делінген хабарламада.

Кенжеев 1950 жылы 2 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Орыс тілінде шығармалар жазатын, қазақ ақыны. 1982 жылы Канада мемлекетіне көшіп, 2006 жылдан бастап Нью-Йорк қаласында тұратын.

Фото көзі: Facebook/@Бахыт Кенжеев


adimage