Тоқаев алдағы күндері Сингапурға барады

    Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ- Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Сингапурға барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
   «2024 жылдың 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады»,- делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
   Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр.

Фото көзі: Пресс-служба Акорды


adimage