Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті», – делінген хабарда.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салаларда бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру бағытындағы үйлесімді іс-қимылдарын жоғары бағалады.
Хабарда атап өтілгендей, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.

adimage