Тоқаев Вьетнамның жаңадан сайланған Президентін құттықтады

   Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның жаңадан сайланған Президентін құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз-қызметі.
  «Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламға Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады»,- делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
Мемлекет басшысы Вьетнам Президентінің алдағы барлық бастамасына табыс, ал достас вьетнам халқына бақ-береке тіледі.
«Сіз осы лауазымда қызмет еткен кезеңде ғажап еліңіз одан әрі гүлденіп, үйлесімді және орнықты қоғам құру жолында тұрақты дами беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Вьетнамды өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынастар байланыстырады. Елдеріміздің мүддесі жолындағы көпқырлы ықпалдастықты өркендету үшін жаңа мүмкіндіктерді Сізбен бірлесіп пайдалануға дайынмын», – деп жазылған жеделхатта.

Фото көзі: Пресс-служба Акорды.


adimage