Алматы облысында бір көшенің құрылысына Т15,5 млрд жұмсауды жоспарлап отыр

Астана. 27 маусым. ҚазТАГ – Алматы облысында бір көшенің құрылысына Т15,5 млрд жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ; атауы - автомобиль жолдарын салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы – «Алматы облысы Қарасай ауданы Ақын Сара жолының (көшесінің) құрылысы» құрылыстың 1-кезегі; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т15 519 476 122», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 26 маусым мен 11 шілде аралығында өтеді.

Фото көзі: 5region.kz


adimage